Қазақстан құрамасының шабуылшысы "Барыспен" жаңа келісімшартқа қол қойды

Сурет: "Барыс" ХК
Хоккейден Қазақстан құрамасының шабуылшысы Никита Михайлис "Барыс" клубымен жаңа келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы астаналық команданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Жаңа келісім бір жақты жасалып, 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін есептелген. Бірақ бастапқыда "Барыс" 24 жастағы ойыншыға екі жылдық келісімшарт ұсынған еді. 

Өткен маусымдағы тұрақты чемпионаттың 60 матчінде форвард 32 (17+15) ұпай жинады, ал плей-офф кезеңінің бес ойнында бір нәтижелі пас берді. 

ҚХЛ-де Михайлис 2014 жылдың желтоқсанынан өнер көрсете бастады. Жалпы алғанда ол 236 матчке қатысып, 97 (45+52) ұпай жинаған.