Қазақстан құрамасының шабуылшысы "Барысқа" қайта оралды

©"Барыс" ХК

Хоккейден Қазақстан құрамасының шабуылшысы Антон Сагадеев Ярославль қаласының "Локомотив" командасынан кетіп, "Барысқа" қайта оралды. Бұл туралы "Хоккейная правда" телеграм-каналы хабарлады. 

Шабуылшы "Локомотив" командасына дұрыс ойнай алмады. 

Айта кетейік, Сагадеев қазақстандық клубтан "Локомотивке" биыл жазда ауысқан болатын. 

Ол 2021 жылы Ригада (Латвия) өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: