Қазақстан құрамасының плей-офф кезеңге жолдама үшін шешуші матчіне тікелей трансляция

Сурет: ҚХФ

Бүгін, 31 мамыр Қазақстан құрамасы Ригада өтіп жатқан хоккейден әлем чемпионатында шешуші кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz. Бүгінгі қарсылас Норвегия командасы. 

B тобындағы кездесу Қазақстан астанасының уақытымен 23:15. Qazsport арнасы ойынды тікелей көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді.

Ширек финалға шығу үшін Юрий Михайлис жаттықтыратын командаға міндетті түрде жеңу қажет.

Топтық кезеңдегі соңғы ойын алдында қазақстандық команда он ұпаймен сегіз команда арасында үшінші. Бес балл жинаған Норвегия жетінші келеді. Плей-офф кезеңге бірінші төрт команда шығады.