Қазақстан құрамасының қорғаушысы ҚХЛ-де командасына жеңіске жетуге көмектесті

©ЦСКА ХК

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Даррен Диц өнер көрсететін мәскеулік ЦСКА Құрлықтық хоккей лигасында қарсыласын ойысырата ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Әскерилер" өз айдынында қытайлық "Куньлуньді" қабылдап, 5:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл матчте Диц 36 және 45-минутта дубль жасады. 

Сонымен қоса, жеңімпаздар сапында Антон Слепышев, Ярослав Дыбленко және Владислав Камене гол соқты. Ал айдын қонақтарынан Девин Броссо бір шайба салды.

Еске салайық, 2021/22 маусымында Диц ЦСКА командасымен Гагарин кубогін иеленген. Ал қазіргі таңда 19 матчте 27 ұпай жинаған мәскеулік клуб Батыс конференциясында төртінші келеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport