Қазақстан құрамасының хоккейшісі қарсылас команданың бос қақпасына сала алмады

Найджел Доус. Сурет: "Ак Барс" ХК

Хоккейден Қазақстан құрамасы мен қазандық "Ак Барс" шабуылшысы Найджел Доус ҚХЛ Шығыс Конференциясының финалды сериясындағы екінші матчте "Авангард" командасының бос қақпасына гол сала алмады,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Оқиға бірінші кезеңдегі 11-ші минутта болды. Доус қақпаның бұрышында ұтымды позицияда тұрып, алдына келген шайбаны дәл бағыттай алмады. 

"Йә, екі матчте де гол салуға мүкіндігім болды, екі рет бос қақпаға сала алмадым. Жақсырақ ойнауым керек, жақсы ойнайтын боламын", - дейді Доус ойыннан кейін. 

Қазан қаласында өткен бұл кездесу 2:0 есебімен "Авангард" пайдасына аяқталды. 

Метки: