Қазақстан құрамасы Канаданың Оттава қаласында өтіп жатқан хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатында ірі есеппен ұтылды.
Сергей Старыгинжаттықтыратын команда екінші матчте Чехия құрамасынан 2:14 есебімен ұтылды.
Халықаралық хоккей федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, алты секундта екі гол салған чехиялық хоккейшілер, жастар арасындағы әлем чемпионатында бір команда салған ең жылдам жұп гол рекордын қайталады.
Бірінші ойында қазақстандық хоккейшілер Швеция құрамасынан ұтылған (1:8). B тобындағы келесі матчті қазақстандықтар 30 желтоқсан Словакияға қарсы өткізеді. Ойын 23:00-де басталады.