Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы Канадамен ойнына тікелей көрсетілім

Сурет: ҚХФ. Ольга Бугаева©️

Бүгін, 28 мамырда Қазақстан Ригада өтіп жатқан хоккейден әлем чемпионаты топ-дивизионындағы топтық кезеңде Канадамен ойын өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Төрт ойын қорытындысы бойынша Юрий Михайлис жаттықтыратын команда жеті ұпаймен топта төртінші және плей-офф кезеңге ілігіп отыр. Канада құрамасы алтыншы. 

В тобындағы кездесу Қазақстан астанасының уақытымен 19:15-де басталады. Матчті Qazsport тікелей көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді.