Бүгін, 20 мамырда Қазақстан құрамасы Хернинг қаласында (Дания) өтіп жатқан 2025 жылғы хоккейден әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі соңғы ойынын өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Олег Болякиннің шәкірттері Швейцария құрамасына қарсы ойнайды. Матч Астана уақыты бойынша 15:20-да басталады. Кездесуді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Qazsport арнасында тікелей көрсетілім
Қазақстан турнирден шығып қалудың сәл-ақ алдында
Алты матчтан кейін Швейцария құрамасы 16 ұпаймен B тобында екінші орнында келеді. Ал Қазақстан құрамасы небәрі 3 ұпаймен турнирлік кестенің соңында.
Болякин командасы элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалу үшін алдағы матчта кемінде бір ұпай жинауы қажет.
B тобының қазіргі турнирлік кестесі:
Чехия — 17 ұпай
Швейцария — 16
АҚШ — 14
Дания — 9
Германия — 9
Норвегия — 4
Венгрия — 3
Қазақстан — 3
Турнир регламентіне сәйкес, әр топтан алғашқы төрт орын алған командалар плей-офф кезеңіне өтеді. Ал соңғы орындағы құрамалар элиталық дивизиондағы орнын жоғалтады.
Жарнама