Қазақстан құрамасы Словенияны ұтты

16 желтоқсан 2022 08:20
©kazsports

Норвегияның Аскер қаласында жастар арасында (ерлер, U-20) шайбалы хоккейден Әлем чемпионатының І дивизиондағы ойындары өтіп жатыр, деп жазады Спортты дамыту дирекциясының ресми сайты.

А тобында Қазақстан құрамасы бүгін Словенияны 4-2, осының алдында Данияны 4-0 есебімен жеңді. Ал осыған дейін Мажарстан хоккейшілерінен басым түскен (3-2).

Алайда біздің хоккейшілер алғашқы матчта Франция құрамасына 2-0 есебімен ұтылған.

Енді соңғы турда (18 желтоқсан) Қазақстан жергілікті норвег құрдастарымен шеберлік байқасады. Ұлттық құрама ойыншылары:

Қақпашылар: Антон Осокин ("Торпедо"), Артем Шестаков, Роман Шефер (екеуі де - "Снежные барсы")

Қорғаушылар: Артем Авдеенко, Данил Базько, Семен Роев, Климентий Царев (барлығы – "Снежные барсы") Дмитрий Бреус ("Чайка", ЖХЛ), Иван Гавриленко ("Сарыарқа"), Аслан Жүсіпбеков ("Барыс", ЖЛК), Кирилл Никитин ("Номад")

Шабуылшылар: Роман Ермак, Кирилл Ляпунов, Дінмұхамед Сапарбек, Даниил Цыбин, Илья Шапоров, Алмас Мұқанов (барлығы – "Снежные барсы"), Дінмұхамед Кайыржан ("Барыс", ҚХЛ), Всеволод Логвин, Алдияр Нұрлан, Константин Морожников (барлығы - "Номад"), Руслан Оспанов ("Анкоридж Волверинс", АҚШ), Валентин Попов ("Торпедо"):

Барлық құрама бір-бірімен ойнап болған соң, 1-орын алған ел жоғарғы дивизионға жолдама алады.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: