Қазақстан құрамасы мен "Барыстың" экс-капитаны қала әкімі болды

Сурет: "Барыс" ХК
"Барыс" пен Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Брэндон Боченски АҚШ-тың Гранд-Форкс қаласының әкімі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл Солтүстік Дакота штатындағы Гранд-Форкс округінің орталығы. Халық саны 50 мың адамнан асады. Боченски сайлауда 49, 62 пайыз дауыс жинаған.

Гранд-Форкс қаласына Боченски 2019 жылы карьерасын аяқтаған соң көшіп барған. Америкаға оралысымен Berkshire Hathaway Homeservices Inc компаниясында қызмет ете бастады.

Боченски - АҚШ тумасы, ҰХЛ-де "Оттава", "Чикаго", "Бостон", "Анахайм", "Нэшвилл" мен "Тампу Бэй" сапында өнер көретті. Ал ҚХЛ-дегі бүкіл карьерасы "Барыста" өтті - 2010 мен 2017 жыл аралығы. 

Қазақстан құрамасын Боченски үш әлем чемпионатында капитан ретінде бастап барды. Ұлттық команда үшін 15 матчте 12 (5+7) ұпай жинаған.