Қазақстан құрамасы Бірінші арна Кубогін сәтсіз бастады

16 желтоқсан 2022 10:21
©icehockey.kz

Хоккейден Қазақстан құрамасы Мәскеуде өтіп жатқан Бірінші арна Кубогін сәтсіз бастады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Андрей Скабелка шәкірттері алғашқы матчта Беларусь командасына 1:4 есебімен ұтылды.

Беларусь сапында Владимир Алистров (4, 34, 59-минут) және Роман Горбунов (21-минут) көзге түссе, қазақстандықтардан Роман Старченко (15-минут) ғана гол салды.

Енді жерлестеріміз келесі кездесуін 17 желтоқсан күні Ресей құрамасына қарсы өткізеді. Ойын Астана уақытымен 17:30-да басталады.

Еске салайық, аталмыш турнирде үш команда сынға түсуде.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport