Қазақстан құрамасы әлем чемпионын ұтты

Сурет: Reuters©

Хоккейден Қазақстан құрамасы Ригада өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші мачтінде Финляндияны ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz. Финляндия қазіргі әлем чемпионы екенін айта кетейік. 

Ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Финляндия командасынан 34-ші минутта бірінші голды Антон Лунделл салды. Екі жарым минуттан кейін қазақстандық командадан Кирилл Панюков есепті теңестірді.

Овертаймда жеңімпаз анықталмады. Ал булиттер сериясында Қазақстан 3:1 есебімен алға шықты. Қазақстан командасынан гол салғандар: Роман Старченко, Кертис Волк және Никита Михайлис.

Қазақстан құрамасы келесі ойынды АҚШ-қа қарсы өткізеді. Матчтің басталуы 19:15.