Қазақстан командасының әлем чемпионатындағы АҚШ құрамасына қарсы ойынына тікелей трансляция

Сурет: ҚХФ. Ольга Бугаева©️

Бүгін, 25 мамыр хоккейден Қазақстан құрамасы 2021 жылғы әлем чемпионатының элиталы дивизионында үшінші матчін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Юрий Михайлис жаттықтыратын команда АҚШ құрамасымен ойнайды. Матчтің басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 19:15. Ойынды Qazsport арнасы тікелей көрсетеді. Трансляция мына сілтеме арқылы қолжетімді

Айта кетейік, алдағы ойынға қорғаушы Виктор Сведберг қатыса алмайды, ол Финляндиямен матчтен кейін шеттелді.

Екі тур қорытындысы бойынша Қазақстан топта үшінші, ал АҚШ бесінші келеді. 

Метки: