Қазақстан жоқ. Әлем чемпионаты ширек финалына өткен барлық командалар анықталды

Сурет: ҚФХ

Латвия астанасында өтіп жатқан хоккейден әлем чемпионаты элиталы дивизионындағы плей-офф кезеңге қандай командалар өткені анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Келесі кезеңге соңғы жолдаманы Германия жеңіп алды, олар топтық кезеңнің соңғы матчінде Латвияны 2:1 есебімен ұтты.

Осы арқылы немістер 12 ұпаймен В тобында үшінші болды. Латвиялықтар алтыншы орында.

Германиямен бірге В тобында плей-офф кезеңге АҚШ (19), Финляндия (17) және Канада (10) өтті.

Он балл жинаған Қазақстан топта бесінші болып, жарысты аяқтады.

А тобынан ширек финалға Ресей, Швейцария, Чехия және Словакия шықты.

Ширек финалдағы жұптар мынадай:

Ресей - Канада,

Швейцария - Германия,

АҚШ - Словакия;

Чехия - Финляндия.

Плей-офф матчтері 3-маусымда, ал турнир 6-маусымда аяқталады.