Қазақстан жастар құрамасының әлем чемпионатындағы Словакиямен матчіне тікелей трансляция

27 желтоқсан 2019 11:27
© IIHF
Бүгін, 27 желтоқсанда Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы (20 жасқа дейін) Чехиядағы әлем чемпионатында екінші ойынын өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Сергей Старыгин жаттықтыратын команда қарсыласы Словакия құрамасы болады. Тришнецтегі ойын Қазақстан астанасының уақытымен 20:00-де басталады.

QazSport арнасы матчті тікелей көрсетеді, трансляцияны мына сілтеме арқылы өтіп тамашалауға болады. Ал 22:10-да телеарна матчтің жазбасын көрсетеді. 

Еске салайық, жастар арасындағы әлем чемпионаты 26 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығы Острава мен Тршинец қалаларында өтеді. Бірінші матче Қазақстан құрамасы Швейцариядан ұтылды. Алда Швеция және Финляндия команадларымен ойын бар.