Қазақстан жастар құрамасының әлем чемпионатындағы алғашқы ойынына тікелей трансляция

26 желтоқсан 2019 17:44
© ҚХФ
Бүгін, 26 желтоқсанда Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы (20 жасқа дейін) Чехиядағы әлем чемпионатында жарыс жолын бастайды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Сергей Старыгин жаттықтыратын команда қарсыласы Швейцария құрамасы болады. Тришнецтегі ойын Қазақстан астанасының уақытымен 20:00-де басталады, QazSport арнасы 23:10-да матчтің жазбасын көрсетеді. 

2020 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы іріктелді

Қазақстан - Швейцария матчін тікелей эфирде мына сілтеме арқылы өтіп тамашалауға болады. 

Турнир 26 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығы Острава мен Тршинец қалаларында өтеді. А тобында Қазақстан қарсыластары Финляндия, Швейцария, Швеция және Словакия құрамалары. В тобында АҚШ, Канада, Ресей, Чехия және Германия.