Хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан командасы Венгрияны ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу 3:1 есебімен аяқталды. Қазақстандықтар 42-секундта есеп ашты, гол салған Абай Маңғысбаев. Сонымен бірге, Всеволод Логвин мен Дмитрий Колодюктің шайбасы да қарсылас қақпасына кірді. Венгриядан жалғыз голды Марк Шлекманн салды.
Данияда өтіп жатқан турнирде Қазақстан, Дания және Венгриядан бөлек, топ-дивизионға жолдама үшін Норвегия, Латвия мен Беларусь таласады.
Қазақстан жастар құрамасы келесі ойынын бүгін Норвегияға қарсы өткізеді. Басталуы 18:00.