Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатында камбэк жасады
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының бірінші дивизионының "А" тобында Данияны жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының бірінші дивизионының "А" тобында Данияны жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Будапешттегі кездесу 3:2 есебімен Сергей Старыгин шәкірттерінің пайдасына шешілді. Бірінші кезеңде Оскар Мелгард (16-минут) матчтағы есеп ашты.
Екінші кезеңде гол болмады.
Үшінші кезеңде командалар бірігіп төрт гол соқты. Сөйтіп, 45-минутта Бейбарыс Оразов таразы басын теңестірді. Алайда 47-минутта Альберт Шиолдан даниялықтарды тағы да алға шығарды.
Қазақстан құрамасы 49-минутта Кирилл Ляпуновтың күшімен есепті теңестірді. Старыгин шәкірттеріне 57-минутта Руслан Оспанов жеңіс әкелді.
Еске салайық, бір күн бұрын Қазақстан Венгрияны 5:2 есебімен ұтқан болатын. Қазақстандықтар келесі кездесуін 13 желтоқсанда Францияға қарсы өткізеді.
Жарнама