cmGqwZU7dilIfGW7UQWXVv7b3CwzPj2expHACAb1
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Қазақстан хоккейшілері Қытайды 22:0 есебімен ойсырата ұтты

Қазақстан хоккейшілері Қытайды 22:0  есебімен ойсырата ұтты
Өмірбек Сансызбай
Қазақстан хоккейшілері Алматыдағы Универсиаданың топтық кезеңін айқын жеңіспен бастады. Отандастарымыз Қытай елінің хоккейшілерін 22:0  есебімен ойсырата ұтты.

Сергей Старыгин жаттықтыратын Қазақстан хоккейшілері бірінші кезеңді 9:0 есебімен аяқтады. Жанкүйерлер қолдауынан қуат алған отандастарымыз аянып қалмады. Әр шабуыл сайын қарсыластар қақпасына шайба тоғытумен болды. Владимир Гребенщиков (1-ші минутта), Әлихан Әсетов (2-ші минутта), Антон Сагадеев (5-ші минутта), Дмитрий Гренц (9-шы минутта), Владислав Никулин (10-шы минутта), Артем Бурделев (11-ші және 13-минутта), Кирилл Савицкий (12-ші минутта) және Мадияр Ыбрайбеков шайба соғып, мергендігімен көзге түсті.

Екінші кезеңде де Қазақстан хоккейшілері аянып қалмады. Қарсыластар қақпасына алты шайба тоғытып шықты. Артем Бурделев пен Алихан Асетов дубль орындаса, Антон Сагадеев пен Микхайл Рахманов бір-бір шайбадан еншілеріне жазды. Қытай хоккейшілері бір шайба соғуға ұмтылғанмен, нәтиже шықпады.

Қазақстан хоккейшілері үшінші кезеңді де жылдам шайба соғумен бастады. Кирилл Савитский ойыншы басымдығында қарсыластардың осал тұсын тапты. Одан кейінгі аралықта Артем Бурделев, Иван Степаненко, Константин Савенков, Микхайл Рахманов, Дмитрий Гренц, Ярослав Евдокимов бір-бір шайбадан соғып шықты.

Универсиаданың ресми түрде ашылу салтанаты 29 қаңтарда сағат 19:00-де басталады. Қазақстанның атынан спорттың 12 түрінен 171 спортшы қатысады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар