Қазақстанның 18 жасқа дейінгі хоккей құрамасы (U18) Польшада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы хоккейден әлем чемпионатының (IA дивизионы) аясында үшінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Максим Худяков жаттықтыратын команда бұл жолы Украина құрамасымен кездесті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ойынның алғашқы кезеңінде қарсыластар екі шайба соқты: 18-минутта Артем Рятушняк пен Святослав Васяк мергендік танытты — 0:2.
Екінші кезеңде Ярослав Панасенко есепті 0:3-ке жеткізді. Алайда Қазақстан құрамасы тез ес жия білді: Владислав Ануфриев (27-минут) пен Михаил Коленко (38-минут) есеп айырмасын қысқартты — 3:2.
Үшінші кезеңнің басында, 48-минутта Никита Гридасов таразы басын теңестірді — 3:3. Ал 57-минутта Матвей Решетко Қазақстанды алға шығарды. Кездесудің соңғы секундында Егор Кравченко нүкте қойып, есепті 5:3-ке жеткізді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы ғаламат камбэк жасап, маңызды жеңіске қол жеткізді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, Қазақстан құрамасы алғашқы ойында Венгрияны 5:2 есебімен жеңсе, екінші матчта Польша құрамасын 10:2 есебімен ойсырата ұтты.
Келесі кездесуін қазақстандық хоккейшілер Швейцария құрамасына қарсы 23 сәуір күні өткізеді.
Сондай-ақ IA дивизионы аясында Қазақстан құрамасы Словениямен 24 сәуірде кездеседі.
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы 9 ұпай жинап, Швейцариямен бірге турнир кестесінде бірінші орынды бөлісіп тұр.
Жарнама