Хоккей
15 мамыр 2025 15:10
 

Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатында Даниядан ұтылды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатында Даниядан ұтылды ©ҚХФ

Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден 2025 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионындағы төртінші ойынын Данияға қарсы өткізді.

blog.share

Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден 2025 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионындағы төртінші ойынын Данияға қарсы өткізді.

Қазақстан Дания матчында алғашқы кезең қазақстандық хоккейшілердің басымдылығымен өтті. Алайда, есеп ашылмады. 

Екінші кезеңде алаң иелері есепті ашып, кейін артық құрамдағы мүмкіндікті пайдаланып, есеп айырмасын еселеді. 

Үшінші кезеңде Никита Михайлис бір шайба соғып, есепті қысқартқанымен, көп ұзамай даниялықтар тағы бір артық құрамдағы мүмкіндікті тиімді пайдаланды. Содан кейін, араға 20 секунд салып есепті 4:1-ге жеткізді. 

Соңғы минутта қарсыластар бос қақпаға тағы бір шайба соғып, ірі жеңіске жетті.

Қазақстан – Дания 1:5 (0:0, 0:2, 1:3)

0:1 – 24:20 – Аагард (Бликфельд, Кох)

0:2 – 32:57 – Тру (Рассел, Йенсен) артық құрамдағы гол

1:2 – 46:33 – Михайлис (Старченко, Метальников)

1:3 – 50:08 – Вайсе (Олесен, Бликфельд) артық құрамдағы гол

1:4 – 50:28 – Тру (Лауридсен)

Қақпашылар: Павленко – Дичоу

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!