Хоккей
Бүгін 13:34
 

Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне жетті

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне жетті ©ҚХФ

Шайбалы хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатының IА дивизионындағы екінші матчта Қазақстан құрамасы Словениямен кездесті.

blog.share

Шайбалы хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатының IА дивизионындағы екінші матчта Қазақстан құрамасы Словениямен кездесті.

Ойын барысында отандастарымыз бірде бір шайба, бірде екі шайба айырмасымен артта қалып отырды.

Үшінші кезеңде қазақстандықтар есепті 4:4 қылып теңестіре алды. Ал буллит сериясында Әлішер Сәркенов дәл соққы жасап, ұлттық құрамаға жеңіс сыйлады.

Осылайша Қазақстан құрамасы Словениядағы әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

10 желтоқсанда Антон Васиннің шәкірттері Франция құрамасына қарсы ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!