Хоккей
Бүгін 12:18

Қазақстан хоккейден Польшадағы әлем чемпионатында екінші жеңіске жетті

©

Польшаның Сосновец қаласында өтіп жатқан IA дивизионындағы әлем чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді.

Біздің хоккейшілер Жапония құрамасын 6:0 есебімен ойсырата жеңді. Дінмұхамед Қайыржан, Аңсар Шайхмедденов, Дмитрий Бреус, Роман Старченко, Кирилл Ляпунов және Самат Данияр шайба авторы атанды.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасы Литваны жеңген болатын. Екі ойыннан кейін алты ұпай жинаған Қазақстан турнир кестесінде көш бастап тұр. Алда команда Польша, Украина және Франция құрамаларымен кездеседі.

Элиталық дивизионға екі құрама жолдама алады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport