Жарнама

Хоккей
Бүгін 12:06
 

Қазақстан хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді ©olympic.kz

Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Крыница қаласында (Польша) өтіп жатқан IA дивизионындағы әлем чемпионатында екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Крыница қаласында (Польша) өтіп жатқан IA дивизионындағы әлем чемпионатында екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Польша құрамасына қарсы өткен мұз айдындағы ойында отандастарымыз бірінші болып шайба соқтырып алды. Артынша нәтижені түзеп, есепте алға шықты. 

Екінші кезеңде екі команда да бір-бір шайбадан енгізді. Ал үшінші кезеңде біздің ойыншылар қарсыластың қақпасына жауапсыз жеті шайба соғып, матчты 10:2 есебімен ірі жеңіспен аяқтады.

Осылайша Қазақстан құрамасы екі ойынның екеуінде де жеңіске жетті. Бұған дейін олар Венгрияны 5:2 есебімен ұтқан болатын.

Келесі ойында Максим Худяков шәкірттері 21 сәуірде Украина құрамасына қарсы мұз айдынына шығады. Кездесу сағат 19:00-де басталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!