Хоккей
21 мамыр 2025 09:33
 

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатының элиталы дивизионынан шығып қалды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатының элиталы дивизионынан шығып қалды ©ҚХФ

Қазақстан құрамасы Данияда өтіп жатқан әлем чемпионатының соңғы матчында жеңіліс тапты.

blog.share

Қазақстан құрамасы Данияда өтіп жатқан әлем чемпионатының соңғы матчында жеңіліс тапты.

Ұлттық құрама Швейцарияға есе жіберді.

Қазақстан 16-минутта есеп ашты. Гол авторы — Аркадий Шестаков. Екінші кезеңнің аяқталуына бес секунд қалғанда швейцариялықтар артық құрамда шайба соғып, үшінші кезеңде тағы бір голмен алға шықты. Ойын соңына қарай есеп 4:1 болып, қарсылас команда жеңіске жетті.

Швейцария – Қазақстан 4:1 (0:1, 1:0, 3:0)

0:1 – 15:17 – Шестаков (Бекетаев, Михайлис)

1:1 – 39:55 – Фиала (Мальгин, Кукан) артық құрамдағы гол

2:1 – 47:15 – Андригетто (Мальгин, Мозер) артық құрамдағы гол

3:1 – 57:06 – Амбюль (Нидеррайтер, Фиала)

4:1 – 57:44 – Риат (Кнак, Фора)

Осылайша, Қазақстан құрамасы өз тобында соңғы орынға түсіп, элиталық дивизионмен қош айтысты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!