Хоккей
26 қаңтар 17:16

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

©ҚХФ

Ыстамбұл (Түркия) қаласында IIA дивизионы аясында жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды.

Соңғы матчта Қазақстан әйелдер құрамасы жоғары дивизионға жолдама алу үшін бақ сынады. Отандастарымыз Оңтүстік Корея құрамасымен кездесті. Қазақстандықтар алғаш болып есеп ашқанымен, үшінші кезеңде қарсылас команда бес шайба соғып, 5:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Оңтүстік Корея құрамасы бір жыл бұрын шығып қалған IB дивизионына қайта оралды. Ал Қазақстан құрамасы өткен жылғы нәтижесін қайталап, екінші орынға ие болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport