Жарнама

Хоккей
Бүгін 15:42
 

Қазақстан хоккейден ӘЧ-де үшініш жеңісіне жетті

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан хоккейден ӘЧ-де үшініш жеңісіне жетті ©IIHF

Қазақстан ерлер құрамасы хоккейден Польшаның Сосновец қаласында өтіп жатқан IА дивизионындағы әлем чемпионатында жеңісті жолын жалғастырды.

blog.share

Қазақстан ерлер құрамасы хоккейден Польшаның Сосновец қаласында өтіп жатқан IА дивизионындағы әлем чемпионатында жеңісті жолын жалғастырды.

Үшінші матчта ұлттық құрама Польша хоккейшілерінен басым түсті.

Кездесудің алғашқы минуттарында алаң иелері есеп ашты. Екінші кезеңде қос команда да шайба соға алған жоқ. Үшінші кезеңнің ортасында Батырлан Мұратов таразы басын теңестірді.

Матчтың соңына қарай Семен Симонов Қазақстан құрамасын алға шығарды. Ал Кирилл Савицкий бос қақпаға шайба соғып, есепті 3:1-ге жеткізді. Ойынның аяқталуына санаулы секунд қалғанда Польша спортшылары бір шайбаның есесін қайтарды. Қорытынды есеп - 3:2.

Осылайша Қазақстан құрамасы қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін хоккейшілер Жапония мен Литва құрамаларын жеңген болатын. Тоғыз ұпай жинаған команда турнир кестесінде көш бастап тұр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!