Қазақстан чемпионатының көшбасшысы матч аяқталуға 8 минут қалғанда 0:3 есебінен камбэк жасады
©arlanclub.kz
Көкшетаулық "Арлан" павлодарлық "Ертісті" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz. Хоккейден Қазақстан чемпионатының көшбасшысы үшінші кезең аяқталуға 8 минут қалғанда 0:3 есебімен ұтылып жатқан еді.
Көкшетаулық "Арлан" павлодарлық "Ертісті" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz. Хоккейден Қазақстан чемпионатының көшбасшысы үшінші кезең аяқталуға 8 минут қалғанда 0:3 есебімен ұтылып жатқан еді.
Дегенмен Көкшетауда өкен ойын 4:3 есебімен бітті. Жеңімпаздар сапында Роман Граборенко, Ярослав Евдокимов пен Кирилл Старцев гол салды, ал жеңіс шайбасын Данила Карабань овертаймда соқты.
"Арлан" 53 ұпаймен чемпионатта көш бастап келеді, көкшетаулықтар "Сарыарқа" мен "Бейбарыстан" бес балл алда. "Ертіс" 11 ұпаймен соңғы 13-орында.
Жарнама