Көкшетаулық "Арлан" мен петропавлдық "Құлагер" хоккейшілері Қазақстан чемпионаты матчінің үзілісі кезінде төбелесті. Бұл туралы "Спорт Шредингера" телеграм арнасы хабарлады.
Көкшетаудағы "Бурабай" спорт кешеніндегі ойын 6:1 есебімен аяқталды. Төбелес мачтің 20-минутында болған екен.
Протокол бойынша "Арланның" белоруссиялық қорғаушысы Арсений Борисов ойын соңына дейін мұзайдыннан қуылды, ал "Кұлагерден" - Илья Ахметов.
Айта кетейік, "Арлан" 44 ұпаймен чемпионатта көш бастап келеді. Ал "Құлагер" 13 команда арасында жетінші орында.