Қазақстан азаматтығынан бас тартқан хоккейші "Барысқа" ауысты

Сурет "Барыс" сайтынан алынды.

Елордалық "Барыс" хоккей командасы қорғаушы Роман Савченкомен келісімшарт жасағанын хабарлады. Біржақты келісімшарт 2022 жылдың 30 сәуіріне дейін жасалған. 

Савченко - Өскемен хоккей мектебінің тәлімгері. Он жыл бойы "Барыс" сапында ойнаған. Сонымен қатар, Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғаған. Бірақ 2018 жылы хоккейші Қазақстан азаматтығынан бас тартты.

Кейінгі екі маусымды қорғаушы "Локомотив" сапында өткізді. Былтыр ол 12 кездесуге қатысып, бір шайба соқты.

Метки: