Хоккей
Бүгін 15:17
 

Қазақстан әлем чемпионатында Францияны ойсырата жеңді

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан әлем чемпионатында Францияны ойсырата жеңді ©ҚХФ

Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Словенияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында ірі есеппен жеңіске жетті.

blog.share

Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Словенияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында ірі есеппен жеңіске жетті.

Үшінші ойында ұлттық құрама Франциямен кездесті. Бірінші кезеңде франциялықтар 2:0 есебімен алға шықты. Дегенмен отандастарымыз бір гол соғып, есепті қысқартты.

Екінші кезеңде жалпы бес шайба соғылды. Оның төртеуі біздің спортшылардың еншісіне жазылды. Соңғы кезеңде Қазақстан құрамасы тоғыз гол енгізсе, франциялық хоккейшілер үш шайбамен жауап қайтарды.

Ойын 14:6 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды. Келесі матчта ұлттық құрама Норвегиямен ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!