Қазақ қызын алған канадалық хоккейші Даррен Диц әке атанды. Қазақстан құрамасының қорғаушысы бүгінде Мәскеудің ЦСКА клубында ойнайды.
Даррен Диц "Барыста" ойнап жүргенде Іңкәр есімді қазақ қызымен танысып үйленген. Олар енді алғаш рет ата-ана атанып отыр. Отбасында қыз бала дүниеге келді.
Тегі канадалық хоккейші Қазақстан азаматтығын алған. Ұлттық құрама сапында ойнайды. Ал Іңкәр мамандығы бойынша – филолог. Ол елімізде шетелдіктерді орыс тіліне үйретумен айналысқан.