auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Қазақ қызы америкалық хоккей клубына бас бапкер болды

Ол кәсіпқой хоккейші карьерасын да қатар алып жүреді.

Қазақ қызы америкалық хоккей клубына бас бапкер болды
Сурет: спортшының әлеуметтік желісінен
Қазақстандық хоккейші қыз Бұлбұл Қартанбаева америкалық клубтың бас бапкері болды. Ол Нью-Джерси штатындағы High School базасында жаттығатын Princeton Tiger Lilies team 14U AA Black командасына жетекшілік етпек. Сонымен қоса, ол кәсіпқой ойыншы карьерасын да тоқтатпайды. 

Бұлбұл Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында клуб басшылығы оның мол тәжірибесін жоғары бағалағанын айтты. 

- Маусым басында осы қызметке алды. Еңбек өтілім туралы барлық құжатымды жинап көрсеттім. Басында қоңырау шалды, одан кейін видео байланыс арқылы сұхбат болды. Былтыр Westfield High School командасында бас бапкердің көмекшісі болғанмын.

- Бұлбұл команда туралы толығырақ айтсаңыз?

- Командам Princeton Tiger Lilies team 14U AA Black (13-14 жастағы қыздар) аталады. MAWHA league лигасындамыз. Шетелдік маманды бас бапкер қылып алу өте сирек екенін айтты. Тәжірибем мол екені шешуші фактор болды. Өйткені Еуропа, Канада, Азия мен АҚШ-та да ойнағанмын. Канада мен Қазақстанда да бапкерлікпен айналысқанмын. 

- Бапкер бола отырып, өзіңіз де ойнауыңызды тоқтатпайсыз ба?

- Иә, солай. Кәсіпқой командамда аптасына екі рет мұзайдында жаттығамыз. Қалған екуі залда. Демалыста екі ойын бар. Кейде біреу ғана. Жұмыс беруші ойыншы карьерамды қатар алып жүретінімді біледі. Мұны қайта артықшылық деген ойда. Қыздар маған қарап бой түзейді, яғни, теңесуге тырысатын нақты адамы бар. 

- Ал сіздің жағдайыңыз қалай, өміріңізге пандемия қатты әсер етті ме?

- Бәрі жақсы. Былтыр желтоқсанда жол апатына ұшырадым. Өткен маусымда ойнай алмадым десе болады. Төрт айға шығып қалдым. Қазір қайта жаттып жүрмін, сәуірден бастадым. Қазір коронавируске байлансты бәрі жабық. Мұзайдынның ашылуын күтіп жүрмін.

Айта кетейік, Бұлбұл Қартанбаева әйелдер арасындағы Үлттық хоккей лигасында (NWHL) ойнайтын бірінші қазақстандық хоккейші. Былтыр ол "Метрополитен Риветерс" клубымен келісімшартқа қол қойған. 

Елімізде ол "Барыс" жүйесіндегі "Томирсте"  және алматылық "Айсұлу" командаларында өнер көрсеткен. 2011 жылдан Қазақстан құрамасында және бес әлем чемпионатында ойнады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар