Қателесуге болмайды. "Барыстың" Гагарин кубогы плей-офф кезеңіндегі алтыншы матчіне тікелей трансляция

Сурет: "Барыс" ХК

Бүгін, 12 наурызда "Барыс" Гагарин кубогы плей-офф кезеңінің бірінші раундындағы магнитогорсктік "Металургпен" алтыншы матчін өткізеді,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу Нұр-Сұлтанда өтеді, басталуы 19:30. Qazsport арнасы ойынды тікелей көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді. 

Төрт жеңіске дейінгі серияда "Магнитка" алда - 3-2. Осы кездесуде жеңіске жеткен жағдайда ресейлік клуб екінші раундқа өтеді, ал егер ұтылса, онда командалар шешуші жетінші матч өткізеді. 

Егер серияны "Барыс" ұтса, келесі айналымда қазандық "АҚ Барспен" күш сынасады.