Канадалық капитаны Даррен Дицке астаналық "Барыс" қанша төлейтіні айтылды

Сурет: "Барыс" ХК
Астаналық "Барыс" хоккей клубының капитаны Даррен Дицтің еңбекақысы қанша екені айтылды. Канадалық хоккейшіге қазақстандық команда жылына миллион доллардан астам төлейді 975 миллион рубль) екен. Бұл туралы ресейлік "Спорт-Экспресс" порталының журналисті Игорь Еронко мәлімдеді.

Еренконың ойынша, "Барыста" еңбекақының шегі бар, клубта одан артық айлық болмайды.

Айта кетейік, 26 жастағы Диц астаналық команда сапында 2017 жылдан бері ойнайды, сонымен бірге, ол Қазақстан құрамасының да ойыншысы. 

Хоккейші бұрын канадалық "Гамильтон Булдогс", "Сент-Джонс Айскэпс", "Монреаль Канадиенс", америкалық "Херши Беарс" пен "Техас Старз" сапында өнер көрсеткен.