Қақпашыға қарсы шыққан "Барыстың" экс-ойыншысы соққының астында қалды

©ak-bars

"Локомотив" қорғаушысы Даниил Мисюль "Автомобилист" шабуылшысы Патрис Кормьені соққыға жықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Құрлықтық хоккей лигасының аясында Кормье "Локомотив" қақпашысы Иван Бочаровқа қарсы дөрекі ойнады. Нәтижесінде Мисюль командаласының кеткен есесін қайтарды.

Сол үшін қорғаушы екі айып минутымен жазаланды. Ал ойын "Автомобилисттің" пайдасына 4:2 есебімен аяқталды.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport