Жеңіліс сериясын үзген "Барыс" турнир кестесінде жоғарлады

©"Барыс" ХК

"Барыс" ҚХЛ-дің тұрақты чемпионаты аясындағы матчте "Куньлуньді" буллит сериясында ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мытищиде өткен ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. "Барыс" сапында 22-минутта Никита Михайлис есеп ашты. "Куньлунь" 59-минутта Тайлер Вонг шайбасының арақасында есепті теңестірді.

Овертаймда да командалар жеңімпазды анықтай алмады, ал буллит сериясында Никита Михайлистің шайбасы шешуші болды.

Осылайша, "Барыс" қатарынан екі жеңіліс сериясын үзді, 16 ұпай жинаған астаналықтар Шығыс конференциясында жетінші орынға көтерілді. "Куньлунь" 12 баллмен 11-ші орында қалды. 

"Барыс" келесі ойынды 17 қазан Санкт-Петербургте жергілікті СКА командасымен өткізеді. Матчтің басталуы 20:30. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport