Жастар құрамасын жаттықтырған бапкер "Барыс" жүйесіне кірді

©shaiba.kz

"Номад" командасының бас бапкері болып Ғалым Мәмбеталиев тағайындалды, деп хабарлайды "Барыстың" ресми сайты.

Мұның алдында басты команданың ҚХЛ маусымына бапкерлер штабы жасақталды, енді - фарм-клубтікі де құрылды.

"Барыс" жүесінде Ғалым Баубекұлы 2008 жылдан бері істеп келеді. Түрлі уақытта "Барыс" пен Қазақстан құрамасын жаттықтырды. Сонымен қоса, "Қар Барыстары" командасында бапкерлердің бірі болды және ҚР жастар құрамасы штабында жұмыс істеді", - делінген хабарламада. 

Жаңа қызметте Мәмбеталиевке Александр Высоцкий, Александр Березенский мен Павел Бессонов көмектесетін болады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport