Жасөспірім хоккейшілер қатысатын ӘЧ кестесі шықты

©akspic

Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы қатысатын әлем чемпионатының кестесі шықты, деп жазады Шайба.kz.

Сәуірдің 11-17 күндері Словакияның  Пьештяни қаласында жерлестеріміз А тобында ойнайды.

Бұл турнирде алты құрама сынға түседі: Словакия, Қазақстан, Дания, Норвегия, Франция және Жапония.

11 сәуір 16:00. Норвегия - Қазақстан
12 сәуір, 16:00. Қазақстан - Франция
14 сәуір, 19:30. Қазақстан - Дания
15 сәуір, 16:00. Қазақстан - Жапония
17 сәуір, 23:00. Словакия - Қазақстан

Жоғарыда Қазақстан уақыты жазылған.

Еске салайық, Сергей Старыгин командасы әлем чемпионатының алдында екі жолдастық матч өткізеді.

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: