"Жарайсың, Дәурен!". Тоқаев "Барысты" плей-офф кезеңді жеңіспен құттықтады

© "Барыс" ХК
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) плей-офф сериясының бірінші матчіндегі жеңісімен құттықтады. 

Андрей Скабелка жаттықтыратын команда магнитогорлық "Металлургті" ойсырата ұтты (4:0). Матч алдында "Барыс" капитаны Даррен Диц қазақша әндетіп, ойын кезінде гол салды. 

"Барыс" клубын ҚХЛ-дың плей-офф кезеңіндегі алғашқы жеңісімен құттықтаймын. Әсіресе, матч барысында Абайдың "Көзімнің қарасы" әнін орындаған команда капитаны Даррен Дицқа ерекше алғыс айтқым келеді. Жарайсың, Дәурен! Бұл жеңіс "Барыс" клубын жаңа жетістіктерге жетелесін.