Жаппай төбелес басталды. Қазақстан құрамасының хоккейшісі қарсыласын ұрып құлатты

©Видеодан кадр

Құрлықтық хоккей лигасы плей-офф сериясы жартылай финалының екінші матчінде мәскеулік ЦСКА петерборлық СКА командасына есе жіберді. Қазақстан құрамасының қорғаушысы Дарен Диц бұл ойында нәтижелі пас және төбелеспен ерекшеленді, деп хабарлайды Vesti.kz.

ЦСКА сырт айдында 1:2 есебімен ұтылды. Есепті айдын қонақтары ашты, 17-минутта Дарен Диц берген пасты Андрей Светлаков голға ұластырды. Алайда петерборлықтар 35 және 49-минутта Валентин Зыков пен Михаил Воробьевтің дәл соққыларымен есе қайтарды. 

Ойын біткені туралы белгі берісімен Диц СКА шабуылшысы Дмитрий Яшкинмен жаға ұстасып, бұл жаппай төбелеске себеп болды. 

Төрт жеңіске дейінгі серияның қазіргі есебі 1-1. Келесі ойындар 6 және 8 сәуір Мәскеуде өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport