Хоккей
15 желтоқсан 2021 14:30

Хоккейші матч кезінде қайтыс болды

©pixabay.com

Қырымның "Сармат" хоккей командасының ойыншысы Александр Фролов Түнгі хоккей лигасы ойыны кезінде қайтыс болды. Бұл туралы лиганың ресми сайты хабарлады. 

Оқиға 11 желтоқсан күні "Крымские Волки" командасының ойыны барысында болған. Бірақ оқиғаның мән-жайы тек 14 желтоқсан күні анықталды. 63 жастағы спортшы қосалқы құрам қатарында отырған сәтті өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған. 

Спорт кешенінде болған дәрігерлер бірден алғашқы көмекті көрсеткен. Кейін жанкүйерлер мен хоккейшілер Фроловты көлікке дейін жеткізуге көмектескен. Емханаға бара жатқан жолда спортшының жүрегі тоқтап, қайтыс болған. 

Айта кетейік, 11 желтоқсан күні Ресей Премьер-лигасының 18-турында "Рубинге" қарсы кездесу барысында "Крылья Советов" футбол командасының жанкүйері көз жұмған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport