Хоккейші матч кезінде ауыр жарақат алды

19 желтоқсан 2021 18:07
©Reuters

"Даллас Старз" шабуылшысы Таннер Керо басынан қатты жарақат алып, Ұлттық хоккей лигасының (ҰХЛ) кезекті маусымындағы "Чикаго Блэкхоукс" командасына қарсы матчтан кейін ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Кездесу сенбі күні Далласта өтіп, қосымша уақытта алаң иелерінің 4:3 есебімен жеңісімен аяқталды. Матчтың төртінші минутында "Даллас Старс" шабуылшысы Таннер Керо басынан қатты жарақат алып, матчты жалғастыра алмады. 

Көп ұзамай "Далластың" орталық шабуылшысы есін жиып, қосымша тексеруге ауруханаға жіберілген.

Кероның шабуылдағы серіктесі Джо Павелски матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында жарақаты туралы айтып, көз жасын тыя алмады.

"Бұл қорқынышты жағдай. Мұндай менің де басымнан өткен, сол күні кешке менің командаластарым жиналып қолдау білдірген болатын. Таннер керемет дос, мықты спортшы, жақсы командалас. Біз бұл жеңісті міндетті түрде оған арнаймыз. Ол үшін дұға етіп, тезірек сауығып кетуін тілейміз ", - деді Павелски.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: