Хоккейден Қазақстан құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды

©ҚХФ

Елордалық "Барыс" хоккей командасының бас бапкері Андрей Скабелка Қазақстан құрамасының да бас бапкері болады. Бұл туралы Шайба.kz порталы хабарлады. 

Осыған дейін 51 жастағы Скабелка Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметін атқарған. Беларусь маманының бастамасымен Қазақстан құрамасы 2019 жылы әлем чемпионатында А дивизионында жеңіске жетіп, элиталық кезеңге шығып, әлі күнге сол жерде ойнап келеді. 

Еске салайық, Скабелка биыл "Барыс" командасына да қайта оралған болатын. Маман қазір де құрама тізгінін ұстауға келісім беріпті. Енді біздің құрама бұл бапкердің бастамасымен келісі жылы әлем біріншілігінде өнер көрсетеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: