Хоккейден Қазақстан құрамасы ӘЧ алдында екі матч өткізеді

©olympic

Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының алдында Euro Ice Hockey Challenge турниріне қатысады, деп хабарлайды Tvnet.lv.

Отандастарымыз латыш командасымен екі матч өткізеді. Бұл жарысқа сондай-ақ, Франция мен Швейцария хоккейшілері қатысады.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы Финляндиядағы мундиальда А тобында Канада, Германия, Швейцария, Словакия, Дания, Италия және Франция командаларымен кездеседі. Аталмыш турнир мамыр айының 13-29 аралығы болады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: