Хоккей
Бүгін 18:40

Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Швейцарияны ұта алмады

©olympic.kz

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы хоккейден Крыница қаласында (Польша) өтіп жатқан әлем чемпионатында Швейцарияға есе жіберді, деп хабарлайды Vesti.kz

Ойын 3:2 есебімен қарсыластар пайдасына шешілді. Швейцариялықтар үш шайбаны да бірінші кезеңде соғып шықты. Қазақстан жасөспірімдер есепті қысқартқанмен, камбэк жасай алмады. 

12 ұпай жинаған Швейцария құрамасы турнир көшін бастап, элиталық кезеңге жолдама алды. 9 ұпайы бар Қазақстан жоғарылау мүмкіндігінен айырылды. 

Бұған дейін отандастарымыз Венгрия (5:2), Польша (10:2) және Украина (5:3) құрамаларын ұтқан болатын. 

Максим Худяков шәкірттері топтағы соңғы ойынын 24 сәуір күні Словенияға қарсы өткізеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport