Хоккейден Қазақстан чемпионатының матчі жаппай төбелеспен аяқталды

© "Құлагер" ХК
Хоккейден Қазақстанның тұрақты чемпионатының қызылжарлық "Құлагер" мен "Теміртау" арасындағы матчте ойыншылар жаппай төбелесті, - деп хабарлайды "Шайба.kz".

Төбелес Петропавлда өткен ойынның соңғы минуттарында болды. Осылайша, төбелес үшін Владимир Репин, Родион Жарких, Денис Чапоров, Константин Пальмтаг пен Данияр Хасеновке айыппұл салынды.



Ойынның өзі "Құлагер" жеңісімен аяқталды - 4:0. 
Метки: