Хоккей
20 қыркүйек 2021 11:56

Хоккейден Қазақстан чемпионатында қақпашы өз қорғаушысын ұрып жіберді

©instagram.com/hkaqtobe_official

Қазақстандық қақпашы өз командасындағы қорғаушыны ұрды. Оқиға қазақстандық хоккей лигасының "Ақтөбе" мен "Торпедо" арасындағы матчінде болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Өскемендік қақпашы Антон Осокин гол жіберіп алғаннан кейін команда қорғаушысы Кирилл Индюковты ұрып жіберген. Оқиғаның видеосы Желіде жарияланды.

Матч 7:2 есебімен "Ақтөбе" пайдасына шешілген.

Бұл жеңістен кейін "Ақтөбе" тоғыз ұпаймен үшінші орында, ал алты ұпайы бар "Торпедо" алтыншы орында тұр. Барлығы 12 құрам жарысқа түскен.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport