Хоккейден әйелдер құрамасы Италия командасынан ұтылды

©Diego Barbieri/FISG

Хоккейден Қазақстанның әйелдер құрамасы Италия командасына есе жіберді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Әлем чемпионатының 1В дивизионының аясындағы матчта жалғыз шайбаны 36-минутта Франциска Штокер соқты.

Осылайша, Қазақстан, Италия және Словения командаларының қоржындарында үш ұпайдан бар. Оңтүстік Корея қыздары алғашқы екі ойында жеңіліс тапса, Қытай құрамасы үш матчтың барлығында жеңіске жетіп көш бастап тұр. Алты ұпай еншілеген Польша ойыншылары алты баллмен екінші орынға жайғасқан.

Еске салайық, жарыстың бірінші күні отандастарымыз польшалық қарсыластарына 1:3 есебімен ұтылса, екінші кездесуде Оңтүстік Корея командасын 5:1 нәтижесімен басым түсті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: