Хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өткізілмейді

Фото: CBS Sports

Хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионаты болмайды, деп хабарлайды Olympic.kz Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Турнир 6-17 мамыр аралығында Канадада өтуі тиіс болатын. 

«Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өтпейтін болды. Бізге мұндай шешім қабылдау қиын», - дейді IIHF басшысы Рене Фазель өз сөзінде. 

Қоса кетелік, әлем чемпионатын қабылдайтын Жаңа Шотландия провинциясы коронавирус пандемиясына байланысты турнирді өткізуден бас тартқан. Былтыр өтуі тиіс турнир қатарынан екінші рет ұйымдастырылмай отыр. 

Метки: